Әйтеке би ауданының әкімдігі және облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ квиз» зияткерлік сайысы өтті. Білім бәйгесіне 12 аудан мен қаладан командалар жиналды. Қатысушылар қатарында мемлекеттік қызметкерлер, өзге ұлт өкілдері, жастар мен тіл жанашырлары болды. 5 бөлімнен тұратын сайыста мемлекеттік тіл, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлері, кино әлемі, сондай-ақ мақал-мәтелдер тақырыптары қамтылды. Қатысушылар әр кезеңде өз білімдерін сарапқа салып, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай зияткерлік шаралар мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттырып, көпшілік арасында ана тілге деген құрмет пен қызығушылықты күшейтуге ықпал етеді.