Қобда ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алып, егіс науқаны жоспарлы түрде жүргізілуде. Диқан қауымы жер-ананың бабын тауып, дәнді топыраққа сіңіруге кіріскен. Берекелі еңбекке негізделген бұл науқан — ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі.