"Есептегіш құралыңызды ауыстыру қажет. Телефоныңызға келген кодты айтыңыз". Бұл да алаяқтардың алдау тәсілі. 6 мамыр күні ақтөбелік 77 жастағы әйелге белгісіз тұлғалар хабарласып, СМС кодты айтуын сұраған. Артынша 2 миллион ақшасын шешуге көндірген. Қоңыраудың ізін суытпай, зейнеткер банк бөлімшесіне барып, қолма қол ақша шешу әрекетіне кіріскен. Қала тұрғынының күдік тудырған әрекетін байқаған банк қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, жағдайдың алдын алды. Тәртіп сақшылары бүгін қырағы қызметкерлерге Алғыс хат табыстады. Жалпы, "Заң мен тәртіп" - мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Президент жолдауында көрсетілген осы қағиданы орнықтыру үшін құзырлы органдар бірлесіп жұмыс істеп келеді.