Қобда ауданы Талдысай ауылында алғаш рет жаттығу залы ашылды. Бұған дейін ауыл балаларының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік болмаған. Енді жасөспірімдер бос уақытын тиімді өткізіп, түрлі спорт үйірмесіне қатысатын болды. Талдысайлық ағайынның көптен күткен қуанышына аудан әкімі қатысып, ауылдықтарды құттықтады.