Батырлар мекені атанған Қобда ауданы - Отан қорғаушылар күні мерекесін айрықша атап өтті. Ерлік пен елдікке тағзым еткен мерекеде ел тыныштығын күзетіп жүрген бір топ азамат марапат алып марқайды. Алуан салада абыройлы қызмет етіп, аудан дамуына сүбелі үлес қосқан ерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, маңызы зор рухани-патриоттық кеш ұйымдастырылды.