Аймақта халықаралық көлік дәлізін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Асхат Шахаров Хромтауға жұмыс сапары барысында «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» республикалық автожолының қайта жаңарту жұмыстарын бағамдады. Бүгінде «Ақтөбе – Хромтау» бағытындағы 28 шақырымның 17 шақырымында жол құрылысы аяқталған. Белгіленген аумақты жаз мезгілінде бітіру жоспарланып отыр.