Қалада мүгедектігі бар жандарға арналған бассейні, спорт залы және стационары бар 150 орындық оңалту орталығы мен 300 орындық ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған заманауи балабақша салынып жатыр. Қазіргі уақытта қос нысанда да жұмыс барысы қызу. Аймақ басшысы Асхат Шахаров құрылыс алаңдарына барып, салыну барысы және атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайымен танысты.