Мамырда ер азаматтарды құттықтау көз үйренген көрініс. Бірақ, дәл осы айда аналардың да мерекесі барын білдіңіз бе? Елімізде мамырдың екінші жексенбісі ресми түрде "Аналар күні" болып бекітілген. Атаулы күнге орай Сақтаған Бәйішев атындағы кітапханада өз саласында жетістікке жеткен әйелдермен кездесу өтті.