Облыс әкімі Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызмет саласының мамандары мен ардагерлеріне марапаттар табыстады. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісіне Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Құлмағамбетов ие болды. Ал 5 еңбек ардагеріне «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды. Аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы жауапты миссиясына тоқталып, олардың кәсібилігі мен адалдығы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінде, өңірде 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі – 38%.