Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Айбын» аэродромында салтанатты рәсім өтті. Мерзімді әскери қызметке шақырылған 250 жас сарбаз Қазақстан Республикасы мен халқына адал қызмет етуге ант берді. Олардың қатарында Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстары мен Шымкент қаласынан шақырылған азаматтар бар. Ант қабылдауға дейін жас жауынгерлер 24 күндік бастапқы әскери даярлық курсынан өтіп, жалпы әскери дайындық негіздерін меңгеріп, жарғылар талаптарын оқып, алғашқы әскери машықтарға үйренді. Шара барысында әскери оркестр өнер көрсетіп, сарбаздар салтанатты маршпен жүріп өтті. Рәсім аяқталған соң жас жауынгерлерге алғашқы қысқа мерзімді демалыс беріліп, олар туыстарымен жүздесуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар қонақтар оқу орталығының казармаларын аралап, әскери қызмет жағдайымен танысты.