Мемлекеттік қызметке қол жеткізу жеңілдетілді. Бұл үшін үйден шығудың да қажеттілігі жоқ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қолайлы түрде қызмет көрсетуге арналған "Жеке менеджер" атты сервисті дамытып келеді. Аталған жоба 2024 жылдан бастап іске қосылған. Мамандардың қызмет ақысы қазіргі таңда 7447 теңгені құрайды. Бұл бағдарлама әсіресе баладан қолы босамайтын аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін, сондай-ақ, уақыты тығыз кәсіпкерлерге қолайлы.