Үшінші облыстық әкелер байқауының қорытындысы шықты. Бес ай ішінде қатысушылар сегіз кезеңнен өтіп, шығармашылық қабілеттерін, тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетті. Қазылар алқасына екі жүзге жуық әке өз жұмыстарын ұсынды. Өткен демалыс күндері өнер орталығында үздік әкелерді марапаттау рәсімі өтті.