Соңғы жауған нөсер себебінен қала аумақтарында жасыл желек қарқынды өскен. Қаумалаған көкжелекті ретке келтіріп, қала аумағын арамшөптен арылту үшін коммуналдық мекеме қызметкерлері санитарлық тазалау шараларына қызу кірісті. Осы тұста 9 учаске мен 5 мердігер ұйым екі ауысымда жұмыс істеп, аймақ тазалығы мен абаттандыру жүйесін қамтамасыз етуде.