Өңірге соңғы бір жылда 250 мыңға жуық турист келген. Оның 14 мыңы шет мемлекеттерден. Сала мамандарының айтуынша, саяхатшылар арасында экотуризм саласына деген қызығушылық басым. Сондықтан олардың назарына тұмса табиғатымен, ерекше көркімен баурайтын орындар ұсынылып отыр. Әйгілі жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері үшін "Димаш тур" жобасы әзірленді