Жаз басталғалы толассыз құйған нөсер өңірдегі су қоймаларының қорын едәуір арттырды. Бүгінде үш су қойма да қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және қажетті көлемдегі сумен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларында 100 миллион текше метрден астам су жиналған. Ал Сазды су қоймасы 50 пайыздан астам толып, ондағы су көлемі 3,6 миллион текше метрге жетті. Мамандардың айтуынша, қазіргі су қоры вегетациялық кезеңді алаңсыз өткізуге мүмкіндік береді.