Тарыдан тау тұрғызған Шығанақ Берсиевтің есімі елге мақтаныш. 1 гектар жерден 202 центнер тары алып, әлемдік рекорд орннатқан тұлғаның өнімі "Шығанақтың ақ тарысы" атаплып кетті. Дегенмен, жыл жаңарған сайын тарының жаңа сорттары шығып, ақ тарының ұмытыла бастағаны да шын. Сондықтан Ш.Берсиев атындағы колледж студенттері ақ тары егіп, аты аңызға айналған еңбек адамына құрмет көрсетіп жатыр.