Жазғы демалыстың басталуымен қаладағы білім ордаларының жанынан жазғы лагері құрылды. Мәселен, №19 орта мектепте "Балдәурен" демалыс алаңы жұмыс жасап тұр. Мұнда оқушылардың қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы демалысын ұйымдастыруға басымдық берілген.