10 сәуірден 31 мамырға дейін барлық балық түрлерін аулауға қойылған уақытша шектеу аяқталды. Енді аймақта рекреациялық балық аулауға қайтадан рұқсат етілді. Су жануарларын аулауға тәуліктің кез келген уақытында, соның ішінде түнгі мезігілге де рұқсат берілді. Сонымен қатар, облыста 15 маусымнан бастап, жазғы суырларды аулау маусымы ашылды.