Аймақ басшысы Асхат Шахаров Димаш Құдайбергенмен жүздесті. Кездесуде аймақтың дамуы, туған қаланың өсіп-өркендеуі және мәдениет саласының перспективалары туралы әңгіме өрбіді. Өнер иесі өзінің шығармашылық жоспарларымен бөліссе, облыс әкімі таяу уақытта өңірде іске асырылатын ірі жобаларды таныстырды. Асхат Шахаров ақтөбеліктердің Димашты әрдайым қуана қарсы алып, оның әлемдік сахнадағы жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті.