Өнер музейінде "Өмір жолына айналған шабыт ізі" атты көрме ашылды. Экспозицияда Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетін 25 жыл бұрын тәмәмдаған түлектердің графика, кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. Көрме ұстаз, тәлімгер Нұрсұлу Сейітованың 60 жылдық мерейтойы, жоғары оқу орнындағы 30 жылдық педагогикалық қызметіне орай ұйымдастырылды. Жоба мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын, шығармашылық ізденіс пен ұстаз еңбегінің маңызын дәріптеу.