Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте 1 айдан астам уақыт шалғай ауылдардың мектеп мұғалімдерімен бірге іс-шара өтті. "Ғылымға қадам" деп аталатын шара ұстаздардың шәкірттерімен бірге зерттеу қабілеттерін арттыруға бағытталған. Бұл білім беру бағытындағы тиімді шешімдердің бірі. Себебі жоғары оқу орнының профессорлық құрамының тәжірибесі аудан-ауыл педагогтерінің біліктілігін көтеруге сеп болары сөзсіз.