Аймақта 14 аумақтық және 525 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Қазіргі уақытта облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 23 тамызда өтетін "Құрылтай" сайлауына дайындық жұмыстарын пысықтауда. Оның аясында сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту қолға алынды. Оқытуда кейстер, тест, рөлдік ойындар қолданылуда. Сонымен қатар, дауыс беруді ашу мен ұйымдастырудан бастап, дауыстарды санау сияқты сайлау учаскелері жұмысының барлық кезеңдердегі рәсімдерін оқыту қамтылған.