Бүгін кешкі сағат 6-дан кейін Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары басталады. Орталық сайлау комиссиясының Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша күнтізбелік жоспарына сәйкес 23 шілде 18:00-де саяси партияларды тіркеу мерзімі аяқталады. Саяси науқан алдындағы үгіт-насихат тамыздың 22-сі, сағат түнгі 12:00- ге дейін жалғасады. 22 тамыз-тыныштық күні, ал 23 тамыз дауыс беру күнінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.