«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жасыл алаңнан тыс жерде бас қосты. Аяқ доп шеберлері бүгін арнамызға арнайы келді. Команда капитаны Бағдат Қайыров, ойыншылар Темірлан Ерланов, Иван Ордец, Даниель Сосо және Пабло Алварес телеарнамыздың тарихынан сыр шертетін музеймен танысып, студияларды аралап көрді. Футболшылар ақпарат әлеміне еніп, көрерменге байқала бермейтін экранның арғы жағындағы қызу тіршілік пен шығармашылық еңбектің куәсі болды. Экскурсия барысында спортшылар өздерін тележүргізуші әрі жаңалық дикторы ретінде сынап көріп, камера алдында жұмыс істеудің жауапкершілігін сезінді. Кездесу соңында телеарна ұжымы команданың алдағы ойындарына сәттілік және жарқын жеңістер тіледі.