Жазғы демалыс басталысымен қала көшелерінде кешкі уақытта серуендейтін жасөспірімдер көбейді. Сондықтан тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мәселен, кеше қалада «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Рейдтің алғашқы тәулігінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді.