Қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Тозған жылу құбырлары жаңарып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жылумен қамтылуында кедергілер болмас үшін жауапты мекемелер жұмысты күшейткен. Бүгін қала әкімдігінде пәтер иелері кооперативінің төрағалары мен жауапты мекеме өкілдерінің басын қосқан жиын өтті.