Әлия Молдағұлова даңғылындағы жерүсті өткелінде жеделсаты іске қосылды. Енді мүгедектігі бар жандар, арбадағы балаларымен жүрген ата-аналар мен қариялар үшін көпірге баспалдақпен көтерілудің қажеттілігі жоқ. Тұрғындардың жайлылығы үшін лифт кабинасына салқындатқыш орнатылды.