Өңірде жыл басынан бері 900 адамның жоғалғаны туралы дерек тіркелген. Оның 470-і кәмелетке толмаған балалар. Жауапты мамандардың атқарған жедел жұмыстарының нәтижесінде жоғалғандардың басым бөлігі табылып, үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта екі азаматтың орналасқан жері әлі анықталмаған, іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция Департаменті әрбір тіркелген деректен кейін бірден іздестіру тобы құрылып, туыстары мен таныстарынан, куәгерлерден жауап алынып, болуы мүмкін орындардың тексерілетінін айтты. Қажет болған жағдайда бейнебақылау камералары қаралып, облыс аумағынан тыс жерлерден іздестіріліп, еріктілер және басқа да мемлекеттік органдармен бірге жұмыс жасайды.