Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және тонау дерегі бойынша күдіктілер тобын ұстады. Полиция мәліметінше, күдіктілер жоқ қарызды сылтауратып, жәбірленушіні күш қолданып қорқытып, оны несие рәсімдеуге және депозиттік шотындағы ақшаны алуға мәжбүрлеген. Осылайша олар заңсыз жолмен 700 мың теңгені иемденген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жеті адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.