Байғанин ауданында болған табиғи апат салдарын бағалау үшін жақында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Мамандар жедел түрде зардап шеккен аумақтарды, үй-үйді аралап, тексеру актілерін жасады. Нәтижесінде аудандағы 300-ге жуық нысанның зақымданғаны анықталды. Осыған сәйкес Асхат Шахаровтың төрағалымен шұғыл түрде жиын өтіп, дауылды желдің салдарын жою жұмыстары қаралды.