Қазақстан зияткерлік меншікті Конституция деңгейінде қорғаған алғашқы елдердің бірі. Енді өлең, ән, тіпті алманың жаңа сортын ойлап тапсаңыз да ол сіздің туындыңыз екені Ата заңмен қорғалады. Еліміздің бұл құқықтық өзгерісі жақында Женевада, дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының штаб пәтерінде таныстырылды. Еліміздің бұл бағыттағы шешімі 194 елден келген өкілдің жоғары бағасына ие болды.