Ақтөбелік оқушылар Түркия мемлекетінің Анкара және Токат қаларында өткен халықаралық фестивальде өнер көрсетті. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның "Аққу" би ансамблі ел намысын қорғап, талантты қатысушылар арасында топ жарды. Ұлттық биімізді әлем назарына паш етті. Осылайша, өңірге ақжолтай жаңалықпен оралған жас бишілерді ұстаздары мен ата-аналары әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды.