102 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ
Тарихи маңызы зор алғашқы Құрылтай сайлауында өңіріміздегі екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері Василий Грецкий де өз таңдауын жасады. Жасына және денсаулығына байланысты ардагерге барлық қажетті жағдай жасалып, өз азаматтық таңдауын үйінде жасауына мүмкіндік берілді. Соғыс ардагері ұрпақтың жарқын келешегі мен еліміздің бейбіт өмірі үшін өз таңдауын жасағанын айтты.