ҚАЛА БОЙЫНША 3973 ЖАС АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРЕДІ
Биыл алғаш рет дауыс беріп отырған жастардың қатары да аз емес. Қалада төрт мыңдай жас азамат сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Жаңа бір палаталы заң шығарушы органның құрамын қалыптастыруға қатысып, өздерінің таңдауын жасады.