Негізгі Жаңалықтар ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ РОБОТПЕН КЕЛДІ

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ РОБОТПЕН КЕЛДІ

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің базасында орналасқан сайлау учаскесіндегі дауыс беру үдерісі ерекше инновациялық сипатқа ие болды. Өз азаматтық ұстанымын білдіруге келген көп балалы ана Гүлнұр Боранбаймен бірге Гуманоид робот және сенімді серігі робот ит келді. Сайлауға келген тұрғындар роботтардың өнерін қызығушылықпен тамашалап, естелікке суретке түсіп, ерекше сәттің куәсі болды. Айта кетелік, №53 сайлау учаскесіне 2235 адам тіркелген. Бұл тұста 233 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген.  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар