БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Биыл оқу ордаларында 194 мың оқушы білім алады. Бұл тұста 449 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы басты назарда. Бүгін өңірде тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту, ұлттық құндылықтарды күнделікті білім беру тәжірибесіне енгізу, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру және педагогтердің психологиялық әл-ауқатын қолдау бағыттары талқыланған тамыз конференциясы аясындағы облыстық форум өтті. Шара барысында "Адал азамат, біртұтас тәрбие" жүйесін білім беру ұйымдарында тиімді іске асыру тақырыбы қаралды.