АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасын арттыру бағытында біршама жүйелі жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023-2026 жылдары облыс бойынша 32 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Сонымен қатар, көпбейінді орталық ауруханаларда бірнеше бағыттағы бөлімшелер ашылмақ.