БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Өткен аптада жас педагогтерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қазіргі таңда қалада 94 мектеп, 48 балабақша және 14 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде шамамен 10 000 педагог еңбек етеді. Әйтсе де, қазіргі уақытта 250-ге жуық бос жұмыс орны бар. Аталған шарада жас мамандар мектеп директорларымен тікелей сөйлесіп, жұмыс жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік алды.