БИЫЛ 120 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Жердің әр телімі тиімді пайдаланылуы тиіс. Өңірде игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, оны қайта айналымға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соңғы төрт жылда Ақтөбе облысында 1 миллион 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылған. Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына да қатаң бақылау жүргізілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.