Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАРҒА БАСПАНА 

ЖАСТАРҒА БАСПАНА 

Халықаралық жастар күні жас буынның жетістігі ғана емес, өңірде оларға жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы да сөз болды. Соның бірі — жас отбасыларға баспана алуға мүмкіндік беретін «Ақтөбе жастары» бағдарламасы. №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Алтынай Аққалиева осы жоба көмегімен өз баспанасына қол жеткізген. Жолдасы және төрт баласымен бүгінде екі бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Отбасы қоныс тойын биыл наурыз айында тойлаған. Бағдарлама жас отбасыларға баспана мәселесін шешуге және үйді тиімді шарттармен алуға мүмкіндік береді дейді жаңа қоныс иелері. 

Бөлісу