ТӘЛІМБАҚТАР КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ
Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді мен Жарқамыс ауылдарында салынған тәлімбақтар бүгінде көркейіп келеді. Олардың әрбірінде 10-нан астам ағаш түрі өсіріліп жатыр. Өскіндер дайын болғанда көшеттері аудандағы орман алқаптарына отырғызылады. Бұл үрдіс жыл сайын қолға алынып келеді. Байғанинге іс-сапармен барған ауданның құрметті азамат Жақсылық Айжан бастаған топ өкілдері аталған тәлімбақтарды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.