"ТАЗА ҚАЛА - ТАЗА ЖАҒАЛАУ" ЭКО-АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Жыл сайын 12 тамызда атап өтілетін Халықаралық жастар күні қарсаңында аймақ жастары экологиялық тазалық шарасына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза қала – таза жағалау» бастамасының кезекті іс-шарасы жүзеге асырылды. «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары Қарғалы өзенінің маңындағы аумақты күл-қоқыстан арылтыпып, табиғат аясында демалушылар қалдырған тұрмыстық қалдықтарды жинады.