АЙМАҚ КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУ
Бүгінде облыстың кәсіп иелеріне шағын және орта бизнесті жүргізу барысында туындаған мәселелерге байланысты тегін қолдау ұсынылып келеді. Бұл тұста өңірлік кәсіпкерлер палатасы тек кеңес беріп қана қоймай, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, қаржыландыруға арналған бизнес жоспарлар әзірлеуге практикалық көмек көрсетеді.