МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздегі жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ақтөбедегі іргелі оқу ордасы — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде де грант иегерлерінің қатары артты. Биыл жоғары оқу орнына 1120 студент мемлекеттік білім грантымен оқуға қабылданады.