MUSIC FEST OPEN AIR
Өткен сенбіде Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы жаңа маусымының шымылдығын «MUSIC FEST OPEN AIR» музыкалық
жазғы фестивалімен ашты. Мәдени шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті. Кешке жиналған халықтың қарасы көп болды. Сахна төрінде әлемдік хит әндер мен қатар фольклорлық шығармалар орындалды. Өнерпаздар джаз стилінде, каверлік нұсқада да ән шырқады. Сондай-ақ, көпшілік алдында кәсіби өнерпаздармен қатар, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж білім алушылары да өнер көрсетті.