ОБЛЫСТЫҚ ӘУЕСҚОЙ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫ 22 ҰЙЫМҒА ҚОСЫМША ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Облыстық әуесқой бокс федерациясы аудандық және қалалық бокс мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін кезекті құрал-жабдықтар табыстау рәсімі өтті. Биыл көмек көрсетілетін ұйымдар саны әдеттегіден әлдеқайда артқан.