ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ
Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар бүлдіршіндерге арналған 300 орындық балабақша құрылысының орындалу барысын тексерді. Қазіргі таңда нысан 70 пайызға дайын.