Негізгі Жаңалықтар ЖАС СИНОПТИКТЕРДІҢ АУА-РАЙЫ БОЛЖАМЫ 

ЖАС СИНОПТИКТЕРДІҢ АУА-РАЙЫ БОЛЖАМЫ 

Ауа райын дәл болжау – тек синоптиктердің ғана емес, мектеп оқушыларының да қолынан келеді. Мұны Қарғалы ауданындағы №1 Бадамша мектебінің оқушылары Максим Гриненко мен Мансұр Таңатбаев дәлелдеп жүр. Олар күн сайын табиғат құбылыстарын бақылап, мәліметтерді талдайды. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындарын ауа райы туралы алдын ала құлағдар етеді. Бұл бастама алғашында ғылыми жоба ретінде ұсынылғанымен, бүгінде жергілікті халық үшін маңызды ақпарат көзіне айналған. Ал авторлар тұрғындарға ақпаратты жедел жеткізу үшін әлеуметтік желі мен WhatsApp тобын іске қосып, күнделікті ауа-райы болжамын жариялап отырады. 


Бөлісу