ДАЛА ДӘМІ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Демалыс күні қаладағы сауда орындарының бірінде кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұтынушылар жергілікті шаруалар өндірген ет, сүт және көкөніс өнімдерін нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағада сатып алды. Жәрмеңке «Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында ұйымдастырылды.