V ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 6 АҚТӨБЕЛІК СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Ақтөбелік алты спортшы V Пара Азия ойындарына қатысады. Жарыста аймақ спортшылары пара/таэквондо, пара/дзюдо, пара жеңіл атлетика, пара - пауэрлифтинг және арба теннисінен өнер көрсетеді. Делегация қатарында Жапониядағы ойындардан жүлделі орын алады деп үмітін үкілеп отырған тәжірибелі спортшылар бар. Олардың бірі 21 жастағы таэквондошы Милана КраСавЦева. Ол жекпе-жектің бұл түрімен бес жылдан астам уақыт айналысады. Париждегі параолимпиадада жетінші орын алды. Милананың қоржынында Азия чемпионатының қола жүлдесі бар. Спортшы білектегі жарақатын қалпына келтіруге кеткен бір жыл уақытына қарамастан, алдағы байрақты бәсекеде Ақтөбе намысын қорғауға ниетті. Айта кеткен жөн, Параазиялық ойындар 18-24 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Жарысқа өңірдің 45 мемлекетінен төрт мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.